Қоғам

"Мектептерде теракт жасаймыз": полиция астаналықтардан тыныштық сақтауды сұрады

© Sputnik / Ирина АдамоваАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
Мессенджерлерде елордадағы мектептерде жаппай атыс болады деген жалған ақпарат тараған
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Астананың полиция департаменті мектептерде теракті болады деген ақпарат фейк екенін мәлімдеді.
"Мессенджерлерде, соның ішінде Telegram-да таралып жатқан қала мектептеріндегі терроризм қаупі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Тиісті қызметтер білім беру ұйымдарын тексерді. Тұрғындардан тыныштық сақтауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Случаи телефонного терроризма - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.02.2024
Мектептерде терроризм жайлы жалған ақпараттың таралуына шетел азаматтарының қатысы бар
Жаңалықтар
0