Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады: үшжақты хаттамаға қол қойылды

© AFP 2024 / THOMAS KIENZLEШприцы с вакциной от коронавируса
Шприцы с вакциной от коронавируса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Жазылу
Зауыт акцияларының 40%-ын ҚазМұнайГаз, 30%-ын SINOPEC, 30%-ын СИБУР иеленеді
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстан, Қытай және Ресей жалпы құны шамамен 7,7 млрд доллар болатын полиэтилен өндіретін зауытты бірлесіп салады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің Қытай мұнай-химия корпорациясының (SINOPEC) президенті Джао Донгпен және "СИБУР" ЖШС басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен кездесуінде белгілі болды.
Алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің қуаттылығы жылына 1,25 млн тоннаны құрайды және әлемдік қуаттардың 1%-на тең болады.
"Кездесу барысында Sinopec-тің жоба қатысушыларының құрамына кіруін ресми түрде аяқтайтын үшжақты хаттамаға қол қойылды. Осылайша, зауыт иелерінің құрылымы келесідей: ҚазМұнайГаз – 40%, SINOPEC – 30%, СИБУР – 30%", - делінген хабарламада.
Үкімет басшысы жоғары деңгейде өнім өңдеуге бағытталған жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті.
Мәселен, "Полиэтилен" жобасын шикізатпен (этанмен) қамтамасыз ету үшін Теңіз кен орнында газ бөлу кешені (ГБК) салынады. ГБК қуаттылығы жылына 9,1 млрд м3 құрғақ газ өңдеп, оның ішінде жылына 1,6 млн тонна этан өндіру көзделіп отыр. Этан магистральдық құбыр арқылы Теңізден "Қарабатан" алаңына ("ҰИМТ" АЭА аумағы, Атырау облысы) дейін жіберілетін болады, онда полиэтилен өндіру зауыты жұмыс істейді.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов SINOPEC президенті Джао Донгпен және "СИБУР" ЖШС басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен кездесті
Премьер Казахстана Бектенов встретился с президентом SINOPEC Джао Донгом и председателем правления ООО СИБУР Михаилом Карисаловым - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2024
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов SINOPEC президенті Джао Донгпен және "СИБУР" ЖШС басқарма төрағасы Михаил Карисаловпен кездесті
Америкалық лицензияланған Chevron Phillips және Univation технологияларын қолдана отырып, 22-ге жуық полиэтилен маркасын шығару жоспарланып отыр, оның 40%-ы - премиум класс.
Бүгінгі таңда полиэтилен медицина, протездеу, қорғаныс, тамақ өнеркәсібі, құрылыс, ғарыш индустриясы және басқа да салаларда қолданылады. Полимер тауарлардың кең желісін өндіруде: пластикалық тозуға төзімді құбырлардан, құрылыс материалдарынан, дәрі-дәрмектерден, шприцтер, протездерден бастап, ғарышкерлерге арналған сауыт-саймандар мен киімдерге, автомобиль бөлшектеріне дейін қолданылады.
Мақсатты нарықтарға Қазақстан, ТМД елдері, Қытай, Түркия және Еуропа елдері кіреді. Бұл ретте ішкі тұтыну үшін өткізу бағасы импорттық бағадан төмен болады.
"Бастапқы шикізат – этан мен үшінші сатыдағы қайта өңделген өнім – полиэтилен арасындағы қосылған құн 20 есеге, тоннасына $80-90-нан $1600-1800-ға дейін артады. "Полиэтилен" жобасы өңдеу өнеркәсібінің де, жалпы ел экономикасының да дамуына елеулі серпін беретіні сөзсіз. Сарапшылардың есептеулері бойынша, жобаны іске асырудан 2030 жылға қарай елдің ЖІӨ-ге қосатын үлесі шамамен 1,2%-ға бағаланады", — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Зауыт құрылысын 2029 жылға дейін аяқтау жоспарлануда. Құрылыс кезеңінде 8 мыңнан астам, пайдалану кезеңінде 850-ге жуық жұмыс орны ашылады.
Аталған жоба үкіметтің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Зауыт тиісті инфрақұрылыммен және арнайы салық режимімен қамтамасыз етіле отырып, арнайы экономикалық аймақ аумағында салынады.
"Біз қазақстандық мамандарды оқытуға және құзыреттер беруге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Біз үшін жергілікті кадрларды, оның ішінде жобадағы басшылық лауазымдарға барынша тарту маңызды", — деп түйіндеді премьер-министр.
"Полиэтилен" зауытынан бөлек газ бөлу кешені мен магистральдық құбыр салу жоспарланған.
Жаңалықтар
0