Бишімбаев ісі: сот Байжановқа тағылған екі айыптың бірін алып тастады

© Sputnik / Санат Имангалиев В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың ісі бойынша Бақытжан Байжановқа тағылған екі айыптың бірін алып тастауға шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін прокурорлар сот тергеуін қалпына келтіріп, Байжановқа қатысты айыптау актісін өзгертуді сұраған. Атап айтқанда, қадағалаушы орган 434-бап (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша тағылған айыптан бас тартты. Байжановтың әрекетін ары қарай 432-бап (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) бойынша қарауды сұрады.
"9 қараша күні шамамен сағат 10:00-де Байжанов "BAU" мейрамханасына келіп, 1 VIP-кабинаға кірген. Ішінде Бишімбаев пен Нүкенова болған. Бишімбаев ешкім кірмесін деп, көрпе алып келуді сұраған. Сол кезде көрпені алып келген Байжанов Нүкенованың есінен танып жатқанын және бетінде көптеген жарақат болғанын көрген. Сау адамға тән емес қырылдаған дауыстың шығып тұрғанын да естіді. Кабинаның іші шашылып жатты. Есік бұзылып тұрды, сынған ыдыс-аяқ пен қан болды. Байжанов соның бәрін көріп, Бишімбаевтың Нүкенованы тағы ұрғанын түсінді", - деді прокурор Саяхат Нұрбеков.
Бұдан бөлек, Байжанов мейрамаханаға ешкімді кіргізбеуге және бейнежазбаларды өшіруге тапсырма берген. VIP-кабинаға баратын жолды жауып тастады. Бишімбаевтың тапсырмасы бойынша мейрамхана ұжымын үйіне қайтарды. VIP-кабинаға бірнеше рет кіріп, Нүкенованың қимылсыз жатқанын көрген. Ал таныс дәрігері жедел жәрдемді шақыруға кеңес берсе де, тиісті шара қабылдаған жоқ.
Бүгін судья Айжан Көлбаева прокурорлардың өтінішін қанағаттандырды. Ал жәбірленуші тарап экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарманды куәгер ретінде тартуды сұрады. Бишімбаевтың адвокаттары қарсы болды. Ал экс-министрдің өзі қарсылық білдірмеді.
Судья Айжан Көлбаева Бишімбаевтың бұрынғы әйелі айтатын мәліметтер қылмыстық іске қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Сол себепті жәбірленуші тараптың өтінішін қанағаттандырмады.
Жаңалықтар
0