Қырғызстанда жүк көлігі отыздан астам баланы қағып кетті: жетеуі жан сақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Жазылу
Hyundai Porter көлігінің жүргізушісі қамауға алынды
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Қырғызстанда жүк көлігі 31 баланы қағып кетті, жетеуі жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.
Оқиға Жалал-Абад облысында болды. 48 жастағы жүргізуші мерекелік іс-шарада балаларға балмұздақ таратуға тиіс болған. Ол көлікті тұраққа қойып, қозғалтқышты өшірмеген.
Porter өздігінен жүріп кетіп, іс-шарада өнер көрсетіп жатқан мектеп оқушыларын қағып өткен. Салдарынан 18 бала ауруханаға жатқызылды, оның жетеуі жансақтау бөлімінде, төртеуі ауыр халде.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі ведомство басшылары оқиға орнына барып, істі тергеу барысын бақылауға алғанын хабарлады.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2023
Балаларды қаққан депутат: газ бен тежегіштің қайсысын басқанымды білмеймін
Жаңалықтар
0