Қоғам

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

CC0 / / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
27 қыркүйектен бастап елде карантиндік шектеулер жеңілдетіледі, салтанатты және отбасылық шараларға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді. Алайда тойханаларға Ashyq-та статусы "қауіпсіз" қонақтар ғана кіргізіледі.

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты. Осыған байланысты 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі", - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Атап айтқанда, салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліп отыр.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сондай-ақ конференциялар, форумдар және басқа да бұқаралық шараларды, көрмелерді өткізуге рұқсат етілді.

Бұған қоса, таза ауада марафон ұйымдастырып, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге болады. Спорттық-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінің, ойын клубтарының (казино) қызметі жанданады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0