https://sputnik.kz/20230829/qaragandyda-balalardyn-zhappay-ulanu-sebebi-5-qyrkuyekte-belgili-bolady-38018804.html
Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болады
Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болады
Sputnik Қазақстан
Жаппай улану салдарынан екі бала қайтыс болды 29.08.2023, Sputnik Қазақстан
2023-08-29T11:19+0500
2023-08-29T11:19+0500
2023-08-29T11:19+0500
қарағанды облысы
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_0:28:3072:1756_1920x0_80_0_0_5009e88dc3f978931e6db147cc3ec44b.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы арнайы орталықта балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық кәсіпорны, ал министрлік әдіснамалық қамтамасыз етуге, яғни стандарттарға жауап береді.Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі баланың мазасы қашып, құсып, іші өткен. Ұқсас белгілері бар тағы 10 бала 31 шілдеде ауруханаға жатқызылды. Сол кезде дәрігерлер бір баланы ажалдан арашалап қала алмаған еді.Ал кеше тағы бір бала – 2012 жылғы ұл көз жұмды. Тағы бесеуі жансақтауда жатыр.
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/226/11/2261195_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0e01d66b04b5a18e38599768218d2aff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды облысы
Қарағандыда балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болады
Жаппай улану салдарынан екі бала қайтыс болды
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қарағандыдағы арнайы орталықта балалардың жаппай улану себебі 5 қыркүйекте белгілі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, медициналық-әлеуметтік мекеме Қарағанды облысы әкімдігінің коммуналдық кәсіпорны, ал министрлік әдіснамалық қамтамасыз етуге, яғни стандарттарға жауап береді.
"Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен облыс әкімдігі құрған комиссия жұмысты аяқтап жатыр. Бесінші қыркүйекте олар осыншама баланың неден ауырып, ауруханаға түскенін жария етеді", - деді Дүйсенова үкімет кулуарында.
Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында екі баланың мазасы қашып, құсып, іші өткен. Ұқсас белгілері бар тағы 10 бала 31 шілдеде ауруханаға жатқызылды. Сол кезде дәрігерлер бір баланы ажалдан арашалап қала алмаған еді.
Ал кеше тағы бір бала – 2012 жылғы ұл көз жұмды. Тағы бесеуі жансақтауда жатыр.