Қазақстанда педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание в мажилисе
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Сонымен қатар, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартып, жазаны қатаңдату ұсынылды
АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары жаңа заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Парламент мәжілісі "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарайды.
Мәжілісмен, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленген. Құжат президенттің отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді.
Заң жобасында депутаттар бірнеше негізгі норма ұсынып отыр:
ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке жатқызу, жазасын әлдеқайда қатаңдату;
жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ, зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тісті шаралар қабылдау құқығын беру;
отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын өзгерту үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу өкілеттігін беру;
педофилдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру;
суицидты насихаттағаны немесе суицидке итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;
балаларға арналған интернат ұйымдарына алдын-ала ескертусіз кез-келген уақытта бару және тексеру.
Әлеуметтік-мәдени даму комитеті заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеуге дайын.