https://sputnik.kz/20241121/dollarmen-payda-tabuga-mumkindik-bolmaydy--ekonomika-ministri-48707903.html
Доллармен пайда табуға мүмкіндік болмайды – экономика министрі
Доллармен пайда табуға мүмкіндік болмайды – экономика министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құбылмалы доллар бағамымен пайда табуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik... 21.11.2024, Sputnik Қазақстан
2024-11-21T15:16+0500
2024-11-21T15:16+0500
2024-11-21T15:16+0500
доллар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258317_2:0:3643:2048_1920x0_80_0_0_6171a49db6406f9c8b0f8f6d4e158177.jpg
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құбылмалы доллар бағамымен пайда табуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Жақында доллар бағамы 500 теңгеден асты. Бірақ қазір одан төмен түсті. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кәсіпорындар салық төлеуге кірісті. Ондайда көбісі долларды теңгеге айырбастайды. Соның нәтижесінде ұлттық валюта күшейеді.Осы орайда министр алдағы үш жылдық бюджетке бір доллардың орташа бағамын 470 теңге деп белгілеудің себебін түсіндірді."Бір жылдың ішінде курс құбылып тұруы мүмкін. Мысалы, биыл доллардың орташа бағамы 460 теңге, ал келесі жылы 470 болады деп отырмыз. Курс көтеріледі, түседі, бірақ орташа есебін алғанда жаңағы көрсеткішке келуіміз керек. Биыл да солай болды. Келесі жылы доллардың орташа жылдық бағамы 470 теңге деп отырмыз", - деп атап көрсетті Байбазаров.
https://sputnik.kz/20241030/dollar-bagamy-qubylyp-tur--ulttyq-bank-toragasy-negizgi-sebepterdi-atady-48180012.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23258317_457:0:3188:2048_1920x0_80_0_0_23a32ad7d4294ce98da9be8779516ffa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
доллар
Доллармен пайда табуға мүмкіндік болмайды – экономика министрі
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров құбылмалы доллар бағамымен пайда табуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жақында доллар бағамы 500 теңгеден асты. Бірақ қазір одан төмен түсті. Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, кәсіпорындар салық төлеуге кірісті. Ондайда көбісі долларды теңгеге айырбастайды. Соның нәтижесінде ұлттық валюта күшейеді.
"Жақында квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың тарапынан долларды ұлттық банкке сатуға қатысты міндеті енгізілді. Ол да курсты тиімді басқаруға мүмкіндік беріп отыр. Бүгінде доллар тағы өседі-ау дейтіндер ақшаны ұстап отырады да, онымен пайда табамыз деп ойлайды. Ондайға жол бермеу үшін жаңағы ережені енгіздік. Компаниялар доллардың 50 процентін сатып отыруға міндетті. Сосын ұлттық қордан республикалық бюджетті қаржыландыру үшін трансфертер де жалғасып жатыр. Ол да теңгенің күшеюіне ықпал етеді", - деді Байбазаров сенатта өткен брифингте.
Осы орайда министр алдағы үш жылдық бюджетке бір доллардың орташа бағамын 470 теңге деп белгілеудің себебін түсіндірді.
"Бір жылдың ішінде курс құбылып тұруы мүмкін. Мысалы, биыл доллардың орташа бағамы 460 теңге, ал келесі жылы 470 болады деп отырмыз. Курс көтеріледі, түседі, бірақ орташа есебін алғанда жаңағы көрсеткішке келуіміз керек. Биыл да солай болды. Келесі жылы доллардың орташа жылдық бағамы 470 теңге деп отырмыз", - деп атап көрсетті Байбазаров.