Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

© Sputnik / Владимир АстапковичБанки с энергетическими и алкогольными напитками, архивное фото
Банки с энергетическими и алкогольными напитками, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2024
Жазылу
Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады
АСТАНА, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан мүфтияттың ресми сайтына сілтеме жасап.
Мүфтият алкогольсіз және алкогольді энергетикалық сусындарға қатысты өз шешімін жариялады. Оған сәйкес, энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да, оны ішуге тыйым салынады. Себебі Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "Мас ететін нәрсенің азы да, көбі де – харам", – деп айтқан.
Сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат етіледі.
"Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс", - дейді мүфтият мамандары.
Пәтуа:
1.
Сусынның құрамында шариғатта тыйым салынған нәрселер болмаса, оны қолдануға рұқсат;
2.
Алкогольды энергетикалық сусындарды ішу – харам;
3.
Энергетикалық сусындарды жиі қолданудың ағзаға қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған болса, оны қолдануға тыйым салынады.
Жаңалықтар
0