Ақтөбеде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.11.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 қараша – Sputnik. Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі хабарлады.
"23 қарашада Ақтөбе гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметтегі әскери қызметші күзет қызметін атқару кезінде бекітілген қарудан оқ атып, өз-өзіне қол жұмсады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.
Срочная служба - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2024
Приозерск гарнизонында сарбаз суицид жасады
Жаңалықтар
0