https://sputnik.kz/20250109/ata-anasy-da-etzhendi-adamdar-darigerler-qordayda-tugan-alyp-nareste-turaly-aytty-49845404.html
"Ата-анасы да етжеңді адамдар": Дәрігерлер Қордайда туған алып нәресте туралы айтты
"Ата-анасы да етжеңді адамдар": Дәрігерлер Қордайда туған алып нәресте туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Дәрігерлердің айтуынша, баланың салмағы үлкен болуына әсер ететін фактор көп 09.01.2025, Sputnik Қазақстан
2025-01-09T08:59+0500
2025-01-09T08:59+0500
2025-01-09T08:59+0500
нәресте
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_0:0:3088:1737_1920x0_80_0_0_b6c5239d07b8713c86963ecdd91c3faf.jpg
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында салмағы 6 килограмм 140 грамм болған алып нәресте дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай аудандық ауруханада кейінгі бес жылда болмаған. Ана мен баланың жағдайы туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қордайлық ақ халаттылар айтып берді.Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі күні ана мен баланың денсаулығы қанағаттанарлық.Ота сәтті өткен."Шын мәнінде, мұндай салмақпен нәрестелер өте сирек туады. Өткен жылы салмағы 6 кг сәл ғана асатын бір нәресте дүнеге келді”, - дейді ақ халаттылар.Олардың айтуынша, баланың салмағы үлкен болуына әсер ететін фактор көп."Жалпы, үлкен салмаққа жүкті әйелдегі метаболизмнің бұзылуы әсер етуі мүмкін. Ұрықтың макросомиясы көбінесе инсулинге тәуелсіз, инсулинге тәуелді, гестациялық қант диабеті, семіздікпен ауыратын әйелдерде анықталады. Бұл - тұқым қуалайтын фактор. Сондай-ақ 30 жастан асқан аналарда жиі болады. Қыздарға қарағанда әсіресе, ұлдар көп салмақпен дүниеге келеді", - дейді қордайлық дәрігерлер.Алып нәрестенің ата-анасы да ірі, етжеңді адамдар, сол себепті де баланың салмағы ауыр болуы мүмкін дейді олар."Егер жатырдағы нәрестенің салмағы үлкен болса, ағзада қандай да бір асқыну болмау үшін жүктілік кезінде барлық қажетті тексеруден өтіп, дәрігерге үнемі бару өте маңызды. Тамақтануды бақылау керек. Жүкті әйелдің диетасы қалыпты және барлық қажетті қоректік заттардан тұруы керек", - дейді дәрігерлер.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37180085_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_c117ebdf35b9cae4546d54a59bbba56d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нәресте, жамбыл облысы
"Ата-анасы да етжеңді адамдар": Дәрігерлер Қордайда туған алып нәресте туралы айтты
Дәрігерлердің айтуынша, баланың салмағы үлкен болуына әсер ететін фактор көп
АЛМАТЫ, 9 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысының Қордай ауданында салмағы 6 килограмм 140 грамм болған алып нәресте дүниеге келді. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай аудандық ауруханада кейінгі бес жылда болмаған. Ана мен баланың жағдайы туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне қордайлық ақ халаттылар айтып берді.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі күні ана мен баланың денсаулығы қанағаттанарлық.
"Бала ана сүтімен қоректенеді. Жүкті әйел босануға стационарға түскен кезде іштегі нәрестенің болжамды салмағы объективті түрде есептелді. Халықаралық классификация бойынша жатырдағы баланың салмағы 5 кг-нан асса, жүкті әйел жоспарлы кесарь тілігі арқылы босанады", - дейді Қордай аудандық ауруханасының акушер-гинекологтары.
"Шын мәнінде, мұндай салмақпен нәрестелер өте сирек туады. Өткен жылы салмағы 6 кг сәл ғана асатын бір нәресте дүнеге келді”, - дейді ақ халаттылар.
Олардың айтуынша, баланың салмағы үлкен болуына әсер ететін фактор көп.
"Жалпы, үлкен салмаққа жүкті әйелдегі метаболизмнің бұзылуы әсер етуі мүмкін. Ұрықтың макросомиясы көбінесе инсулинге тәуелсіз, инсулинге тәуелді, гестациялық қант диабеті, семіздікпен ауыратын әйелдерде анықталады. Бұл - тұқым қуалайтын фактор. Сондай-ақ 30 жастан асқан аналарда жиі болады. Қыздарға қарағанда әсіресе, ұлдар көп салмақпен дүниеге келеді", - дейді қордайлық дәрігерлер.
Алып нәрестенің ата-анасы да ірі, етжеңді адамдар, сол себепті де баланың салмағы ауыр болуы мүмкін дейді олар.
"Егер жатырдағы нәрестенің салмағы үлкен болса, ағзада қандай да бір асқыну болмау үшін жүктілік кезінде барлық қажетті тексеруден өтіп, дәрігерге үнемі бару өте маңызды. Тамақтануды бақылау керек. Жүкті әйелдің диетасы қалыпты және барлық қажетті қоректік заттардан тұруы керек", - дейді дәрігерлер.