Қауіпсіздік белдігін тақпаған: Павлодарда 647 жүргізушіге айыппұл салынды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции ШымкентаРемень безопасности
Ремень безопасности  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.02.2025
Жазылу
Бұл тым жиі бұзылатын жол қауіпсіздігі ережесі болып отыр
АСТАНА, 20ақпан - Sputnik. Павлодар облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаған 647 жүргізушіге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы полицейлерінің жүйелі профилактикалық жұмысына қарамастан, жиі бұзылатын жол қозғалысы ережелерінің бірі қауіпсіздік белбеуінің болмауы болып отыр.
Жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 647 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осындай келеңсіздіктердің жолын кесуге байланысты полицейлер азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және жолда қырағы әрі мұқият болу керектігін ескертеді.
Қауіпсіздік шаралары кейде емес, тұрақты түрде орындалғанда ғана тиімді болады. Сондықтан "Отыр – қауіпсіздік белдігін тақ" алгоритмі әрбір жүргізуші үшін автоматты болуы керек. Бірлесе жұмыс істегенде ғана жол-көлік оқиғаларының санын азайта аламыз, ал қауіпсіздік белдігін тағу қауіпсіз көлік жүргізу мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналады, деп есептейді тәртіп сақшылары.
Жаңалықтар
0