https://sputnik.kz/20250228/zhetisu-oblysynda-buryngy-sheneunik-omir-boyyna-bas-bostandygynan-ayyryldy-51240872.html
Жетісу облысында бұрынғы шенеунік өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Жетісу облысында бұрынғы шенеунік өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген Amanat партиясы Жетісу облысы Ақсу... 28.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-28T18:00+0500
2025-02-28T18:00+0500
2025-02-28T18:01+0500
шенеунік
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_0:350:6720:4130_1920x0_80_0_0_1265e9e038f903d8c8eae1ec153d15d8.jpg
АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген Amanat партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-төрағасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Былтыр елді дүр сілкіндірген қылмыстық іс Жетісу облысы Ақсу ауданында болған. Жеті жастағы туысын зорлады деген күдікке ілінген ілінген Серікхан Жақыпов қамауға алынды. Оқиға тамаз айында болған. Араға 8 ай салып, қылмыстық іске нүкте қойылды. Істі Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады.Сот отырысы жабық режимде өтті.Прокурор соттан экс-төрағаны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.Ал айыпталушы тарап оның кінәсі жоқ екенін айтып, ақтауды сұраған."Сот үкімімен сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 15 млн теңге өндіріледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты.Еске сала кетейік, былтыр Amanat партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-төрағасы Серікхан Жақыпов өзінің туысының кәмелетке толмаған баласын жыныстық қатынасқа итермеледі деген күдікке ілінген болатын.Әйелінің жеті жастағы жиенін зорлады деген экс-төраға – дін жолындағы адам, төрт баланың әкесі. Қонаққа келіп зорлық көрген бала оқиғаны анасына айтып берген. Көп ұзамай Серікхан Жақыпов қамауға алынды.Айта кетері, экс-төрағаны әріптестері өте мәдениетті, кісіге зияны жоқ, білікті басшы деп сипаттаған болатын.
https://sputnik.kz/20240820/duyim-zhurtty-durliktirgen-zhansugirov-auylyndagy-oqiga-turaly-turgyndar-ne-deydi-46454196.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/456/37/4563795_374:0:6347:4480_1920x0_80_0_0_73b2103186fc5eda9388358349dd4cab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шенеунік
Жетісу облысында бұрынғы шенеунік өмір бойына бас бостандығынан айырылды
18:00 28.02.2025 (жаңартылды: 18:01 28.02.2025) АЛМАТЫ, 28 ақпан – Sputnik. Кәмелетке толмаған балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген Amanat партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-төрағасы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Былтыр елді дүр сілкіндірген қылмыстық іс Жетісу облысы Ақсу ауданында болған. Жеті жастағы туысын зорлады деген күдікке ілінген ілінген Серікхан Жақыпов қамауға алынды. Оқиға тамаз айында болған. Араға 8 ай салып, қылмыстық іске нүкте қойылды. Істі Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады.
Сот отырысы жабық режимде өтті.
"Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен, сарапшылардың қорытындылары және айғақтарымен, қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденген. Жәбірленуші баланың өкілі сотталушыдан моральдық зиян үшін 100 млн теңге өтемақы өндіріп алу туралы азаматтық талап қойды", - дейді ведомство.
Прокурор соттан экс-төрағаны өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Ал айыпталушы тарап оның кінәсі жоқ екенін айтып, ақтауды сұраған.
"Сот үкімімен сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Жәбірленушінің заңды өкілінің пайдасына моральдық зиянды өтеу есебінен 15 млн теңге өндіріледі. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты.
Еске сала кетейік, былтыр Amanat партиясы Жетісу облысы Ақсу аудандық филиалының экс-төрағасы Серікхан Жақыпов өзінің туысының кәмелетке толмаған баласын жыныстық қатынасқа итермеледі деген күдікке ілінген болатын.
Әйелінің жеті жастағы жиенін зорлады деген экс-төраға – дін жолындағы адам, төрт баланың әкесі. Қонаққа келіп зорлық көрген бала оқиғаны анасына айтып берген. Көп ұзамай Серікхан Жақыпов қамауға алынды.
Айта кетері, экс-төрағаны әріптестері өте мәдениетті, кісіге зияны жоқ, білікті басшы деп
сипаттаған болатын.