https://sputnik.kz/20250306/astanada-7-zhasar-qyzdy-zhuk-koligi-qagyp-ketti-51393931.html
Астанада 7 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті
Астанада 7 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Астанада жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті. Ол жолдан өтіп бара жатқан, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы. 06.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-06T13:32+0500
2025-03-06T13:32+0500
2025-03-06T13:32+0500
жол апаты
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_0:235:4513:2773_1920x0_80_0_0_e96e7fd726a090c4e5e1d86ea435d0b5.jpg
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Астанада жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті. Ол жолдан өтіп бара жатқан, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады."Бейсекбаев көшесімен жүріп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесіне бұрылған кезде бағдаршамның рұқсат сигналына өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады департамент.Сондай-ақ департамент жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде өте мұқият болуға шақырды.Ал ата-аналарға жолдан өту кезінде балаларды қараусыз қалдырмауға және жол ережелерін сақтауға кеңес берді.
https://sputnik.kz/20250108/oralda-politsiya-qyzmetkeri-zhayau-zhurginshini-qagyp-oltirdi-49837395.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/40/7354075_250:0:4261:3008_1920x0_80_0_0_a7826cb519f4ebfdbb456068e8c52317.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол апаты
Астанада 7 жасар қызды жүк көлігі қағып кетті
АСТАНА, 6 наурыз – Sputnik. Астанада жүк көлігі 7 жасар қызды қағып кетті. Ол жолдан өтіп бара жатқан, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
"Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан 7 жастағы қыз көз жұмды. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері келді, бірақ көрсетілген көмекке қарамастан жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады", - деп хабарлады басқарма.
Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
"Бейсекбаев көшесімен жүріп келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесіне бұрылған кезде бағдаршамның рұқсат сигналына өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алған жарақатынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүргізілуде. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады департамент.
Сондай-ақ департамент жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту кезінде өте мұқият болуға шақырды.
Ал ата-аналарға жолдан өту кезінде балаларды қараусыз қалдырмауға және жол ережелерін сақтауға кеңес берді.