Такси жүргізушілері үшін салық мөлшері ұлғаймайды – министрлік

Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Жазылу
АСТАНА, 12 наурыз – Sputnik. Ұлттық экономика министрлігі таксопарктердің салық реформасына қатысты мәлімдемелеріне жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Салық кодексінің жаңа жобасында такси жүргізушілері үшін жеңілдетілген салық салу режимі қарастырылған.
"Бұл режим салық төлемдерінсіз жүзеге асырылады. Қосылған құн салығы және басқа да салықтар салынбайды, жеке табыс салығының мөлшерлемесі нөлге тең. Такси жүргізушілері тек 4% мөлшеріндегі бірыңғай төлемді төлейді, оған зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру кіреді", - дейді министрлік мамандары.
Бұл режимді жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ пайдалануға болады.
"Осылайша, такси жүргізушілері үшін салық жүктемесі артпайды. Бұған қоса, такси жүргізушілері Яндекс және тағы басқа интернет-платформа операторларымен делдалсыз, яғни, такси парктеріне жүгінбей-ақ тікелей жұмыс істей алады", - делінген ресми хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, 2024 жылы такси қызметі, сондай-ақ жалға беру бойынша 15 мыңға жуық салық төлеуші жеңілдетілген декларация режимін қолданған. Соның ішінде тек 924 салық төлеушінің ақша айналымы 15 млн теңгеден асады.
"Демек, қосылған құн салығын төлеу міндеттемесімен шекті соманың төмендеуі олардың тек 6%-на ғана әсер етеді. Бұл – қосылған құн салығын төлеуге міндетті ірі таксопарктер", - дейді министрлік қызметкерлері.
Бүгінде интернет-платформа операторлары да қосылған құн салығын төлейді.
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.03.2025
Шымкентте мемлекеттен 130 млн алған балабақша 100 мың теңге ғана салық төлеген
Жаңалықтар
0