https://sputnik.kz/20250325/zhanaozendegi-ort-kezinde-zardap-shekken-qutqarushy-zhansaqtau-bolimine-tusti-51910489.html
Жаңаөзендегі өрт кезінде зардап шеккен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті
Жаңаөзендегі өрт кезінде зардап шеккен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Жаңаөзенде сауда үйіндегі өртті сөндірген құтқарушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. 25.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-25T16:40+0500
2025-03-25T16:40+0500
2025-03-25T16:40+0500
өрт
жаңаөзен
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15220007_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_66eb78675afbc4434a2a0f0cc2ba92ab.jpg
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Жаңаөзенде сауда үйіндегі өртті сөндірген құтқарушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.Ведомствоның мәліметінше, қызметкер жансақтау бөліміне түскен. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында."Жақын арада Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілетін болады. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкердің жағдайын бақылауда ұстайды", - дейді департамент.Айта кетейік, Жаңаөзенде 24 наурызда сағат 23:20-да "Заңғар" сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген. Тілсіз жау 300 шаршы метрге жайылған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шекендер жоқ деп ақпарат берген болатын.
https://sputnik.kz/20241007/qaragandy-oblysynda-ort-sondirushi-qaza-tapty-47642021.html
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15220007_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5d98dbb96116ad34db6c86106f1f9965.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, жаңаөзен
Жаңаөзендегі өрт кезінде зардап шеккен құтқарушы жансақтау бөліміне түсті
АЛМАТЫ, 25 наурыз - Sputnik. Жаңаөзенде сауда үйіндегі өртті сөндірген құтқарушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
"Жаңаөзен қаласындағы “Заңғар” сауда орталығында шыққан өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші-құтқарушы, №3-МӨСБ қызметкері зардап шекті", - деп жазды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның мәліметінше, қызметкер жансақтау бөліміне түскен. Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында.
"Жақын арада Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілетін болады. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкердің жағдайын бақылауда ұстайды", - дейді департамент.
Айта кетейік, Жаңаөзенде 24 наурызда сағат 23:20-да "Заңғар" сауда орталығының екінші қабатында өрт шықты. Ғимарат әлі пайдалануға берілмеген. Тілсіз жау 300 шаршы метрге жайылған. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан зардап шекендер жоқ деп ақпарат берген болатын.