Қазақстандық бишілер Санкт-Петербургте өнер көрсетті
© Photo : Казахская национальная академия хореографии
Қазақ ұлттық хореография академиясының гастрольдік концерті

Жазылу
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері концерттік бағдарлама ұсынды
АСТАНА, 26 наурыз – Sputnik. Санкт-Петербургте өткен концертте 40-тан астам қазақстандық биші өнер көрсетті.
© Photo : Казахская национальная академия хореографии
Қазақ ұлттық хореография академиясының гастрольдік концерті

Қазақ ұлттық хореография академиясының гастрольдік концерті
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленген қойылымдарды ұсынды:
ұлы Мариус Петипаның соңғы балетінен "Раушан гүлі мен көбелектің романы" сюитасы;
Артур Сен-Леонның "Қанатты ат" балетінен "Жанданған фрескалар";
Франц Листің музыкасына жазылған Болат Аюхановтың "Махаббат қиялы";
"Хассақ" фольклорлық-этнографиялық ансамблінің заманауи өңдеудегі "Ақбаян" және "Жолбарыс жүрек" ұлттық билері;
Георг Фридрих Гендельдің музыкасына жазылған "Passing" заманауи биі.
"Ресейдің мәдени астанасының талғампаз жұртшылығы Қазақ ұлттық хореография академиясы мен "Астана Опера" мемлекеттік театрының жас әртістері мен көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованы қошеметпен қарсы алды", - деп хабарлады академия.