Армения "Қорғаста" дүкендер желісін ашуы мүмкін

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаҚазақстан - Армения
Қазақстан - Армения - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанда 25 мыңға жуық армян диаспорасы тұрады
АСТАНА, 27 наурыз – Sputnik. Армения Республикасы "Қорғас" шекара маңы халықаралық орталығында дүкендер желісін ашуға мүдделі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін Арменияның сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян Қазақстанға алғашқы ресми сапармен келді. Мұрат Нұртілеу оны бірінші болып қабылдап, екіжақты келіссөздер өткізді. Қазақстан мен Армения ауыл шаруашылығы, IT технологиялар, жасанды интеллект, инфрақұрылым, логистика және басқа да салалар бойынша ықпалдастықты кеңейтуге мүдделі.
"Қазіргі таңда 430-дан астам армян компаниясы тіркелген болса, Арменияда қазақстандық капиталдың қатысуымен 100-ден астам кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп жатыр. Осы ретте әріптесіміздің "Қорғас" орталығында дүкендер желісін ұйымдастыруын толық құптаймыз. Бұдан бөлек, армяндық бизнес Қазақстанның өңірлерінде өз сауда павильондарын ашуды жоспарлауда", - деді Нұртілеу арнайы брифингте.
Биыл ұлттық жасанды интеллект базасында армяндық "Tumo" білім беру мекемесінің филиалы ашылады.
"Келешекте бакалавриат және магистратура бойынша жыл сайын он стипендия бөлуге әзір екенімізді әріптесіме жеткіздім", - деді министр.
Сондай-ақ, биыл сәуір айында Арменияда Қазақстанның мәдени күндері өтеді. Осы шаралар екі елдің мәдени-гуманитарлық байланыстарын күшейтуді көздейді.
Айта кетері, қазіргі кезде Қазақстанда 25 мыңға жуық армян диаспорасы тұрады.
Рулетка в казино - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
"Қорғаста" жасырын казинолар жұмыс істеген
Жаңалықтар
0