https://sputnik.kz/20250329/toqaev-pen-mirziev-tsifrlyq-sharuashylyq-zhetistikteri-kormesin-tamashalady-52044886.html
Тоқаев пен Мирзиёев Ұлттық жасанды интеллект платформасымен танысты
Тоқаев пен Мирзиёев Ұлттық жасанды интеллект платформасымен танысты
Sputnik Қазақстан
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Алматыға барды 29.03.2025, Sputnik Қазақстан
2025-03-29T19:29+0500
2025-03-29T19:29+0500
2025-03-29T19:54+0500
президент
алматы
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52042329_0:41:1280:761_1920x0_80_0_0_941a03c2e5763bbd2333bde53ec0bc7c.jpg
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды, деп хабарлады Ақорда.Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады.Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті.
алматы
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/1d/52042329_106:0:1174:801_1920x0_80_0_0_8e197b5f45a8ec45bb6ea9f36de41c03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, алматы, өзбекстан
президент, алматы, өзбекстан
Тоқаев пен Мирзиёев Ұлттық жасанды интеллект платформасымен танысты
19:29 29.03.2025 (жаңартылды: 19:54 29.03.2025) Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Алматыға барды
АСТАНА, 29 наурыз - Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFairai көрмесіне барды, деп хабарлады
Ақорда.
Жасанды интеллектінің дамуына арналған көрмеде мемлекеттер басшылары GovTech, Fintech, BigTech, Smart City бағыттарындағы озық шешімдермен танысты. Сонымен қатар IT-компаниялардың жетістіктері, инновациялық және білім беру жобалары қойылған арнаулы аймақты аралап көрді.
Өзбекстан Президентіне Аlemai халықаралық жасанды интеллект орталығының тұжырымдамасы таныстырылды. Жоба Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл орталық мыңдаған маманның жасанды интеллект саласы бойынша білім алуына және стартаптарды іске қосуға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевке Ұлттық жасанды интеллект платформасы таныстырылды. Оның көмегімен мемлекеттік органдардың жұмысын оңтайландыруға болады.
Сонымен қатар президенттерге ұлттық экономикадағы ЖИ әлеуетін арттыруды және технологиялық кәсіпкерлікті қолдауды көздейтін AI-Sana білім беру бағдарламасы туралы мәлімет берілді.
Президенттерге Орталық Азиядағы ірі технопарктер альянсы – Central Asian Innovation Hubs қызметі жөнінде мәлімет берілді. Былтыр Қазақстан мен Өзбекстанның ірі технопарктерінің лигасы стартаптар экожүйесін дамыту және әлемдік нарықта инновацияны ілгерілету мақсатында осы бренд аясына бірікті.