Алматы облысында күдікті сот ғимаратынан қашып кетті

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуАрхивное фото заключенного
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданады
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Алматы облысында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Бұл жағдай Қарасай аудандық сотында болған. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Қашқынды ұстау бойынша іс-шаралар кешені қабылданады. Сонымен қатар болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүріп жатыр", - дейді ведомство.
Полиция азаматтардан дүрлікпей, тыныштықты сақтауды және іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда 102 телефоны арқылы дереу хабарлауды сұрады.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2024
Астанада мемлекетаралық іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды
Жаңалықтар
0