https://sputnik.kz/20250401/pavlodarda-5000-salymshysy-bar-qarzhy-piramidasyna-qatysty-sot-ukimi-shyqty----52124015.html
Павлодарда 5000 салымшысы бар қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Павлодарда 5000 салымшысы бар қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Sputnik Қазақстан
Алаяқтардан құны 1 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленген 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T17:42+0500
2025-04-01T17:42+0500
2025-04-01T17:42+0500
қаржы пирамидасы
сот үкімі
https://sputnik.kz/img/1410/58/14105825_0:0:3618:2035_1920x0_80_0_0_911fae404fdd8b726010954b100bde4c.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Павлодарда "HAS" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі. Пирамида ұйымдастырушылары өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған. Олар азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ке дейін пассивті табыс алуға уәде берген. Сот үкімімен қаржы пирамидасының 5 қатысушысы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, құны 1 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді. Активтер қатарында — 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы қаражат бар.
https://sputnik.kz/20250317/turgyndardy-2-mlrd-tengege-aldap-ketken-qarzhy-piramidasyn-qurgandarga-sot-ukimi-shyqty-51685169.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1410/58/14105825_559:0:3288:2047_1920x0_80_0_0_13da34a0404c25be485867ff9be359f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы, сот үкімі
қаржы пирамидасы, сот үкімі
Павлодарда 5000 салымшысы бар қаржы пирамидасына қатысты сот үкімі шықты
Алаяқтардан құны 1 млрд теңгеден асатын мүлік тәркіленген
АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Павлодарда "HAS" қаржы пирамидасын ұйымдастырушылары мен жетекшілеріне қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Пирамида ұйымдастырушылары өздерін сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстырған. Олар азаматтарды түрлі инвестициялық жобаларға ақша салуға үгіттеп, ай сайын 70%-ке дейін пассивті табыс алуға уәде берген.
"Әлеуметтік желілерде жалған акциялар белсенді түрде жарияланып, оның ішінде Астана мен Қосшы қалаларында тұрғын үй салу туралы ақпарат таралған. Жүріп жатқан құрылыс алаңдарының иллюзиясын жасау үшін декорациялар мен арнайы техника жалданған. Нәтижесінде қаржылық пирамидаға 5 мыңнан астам салымшы тіркелген", - дейді ведомство.
Сот үкімімен қаржы пирамидасының 5 қатысушысы 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, құны 1 миллиард теңгеден асатын мүлік тәркіленді. Активтер қатарында — 4 пәтер, 18 автокөлік, 3 жер учаскесі, автотұрақ орындары, коммерциялық емес ғимарат және есепшоттардағы қаражат бар.