SIM карталарды сатудың жаңа тәртібі енгізіледі - үкімет

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуTELE2 картасы
TELE2 картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
"Стоп-кредит" қызметі іске қосылды және оны халық белсенді түрде пайдалануда
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев SIM карталарды сатудың жаңа тәртібі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында премьер-министр Олжас Бектенов интернет-алаяқтық пен дербес деректерді қорғау шаралары жайында сұрады. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, бүгінде дербес деректерге қол жеткізуді бақылау бойынша арнайы мемлекеттік қызмет бар. Оған мемлекеттік ақпараттық жүйелердің 70%-дан астамы қосылған. Осылайша, жеке деректерді азаматтың келісімін алғаннан кейін ғана ашуға болады. Ал алаяқтар қоңырауларын анықтау және бұғаттау үшін алаяқтардан қорғау орталықтары құрылды. Олар ұлттық банктің антифрод орталығымен біріктірілген.
"Жаңа SIM карталарды сатып алу кезінде биометриялық тіркеу, сондай-ақ SIM карталарды үшінші тұлғаларға заңсыз беру бойынша жауапкершілік енгізіледі. "Стоп-кредит" қызметі іске қосылды және оны халық белсенді түрде пайдалануда", — деді министр.
Сондай-ақ, дербес деректерді қорғауды бұзғаны және SIM-бокстарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілік заң жүзінде күшейтілді.
"Бұдан бөлек, алаяқтардың әрекетін қиындату үшін бірқатар шара әзірленіп, қазіргі таңда парламент депутаттарының қарауында жатыр", - деді Мәдиев.
Смартфондағы Google логотипі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.03.2025
Балалардың қауіпсіздігін арттыратын SIM-карта енгізіледі
Жаңалықтар
0