https://sputnik.kz/20250402/resey-men-qytay-sim-basshylary-ukraina-dagdarysyn-talqylady-52141710.html
Ресей мен Қытай СІМ басшылары Украина дағдарысын талқылады
Ресей мен Қытай СІМ басшылары Украина дағдарысын талқылады
Sputnik Қазақстан
Тараптар "екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың сәйкестігін немесе жақындығын" растады 02.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-02T13:27+0500
2025-04-02T13:27+0500
2025-04-02T13:27+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50558191_0:0:3107:1748_1920x0_80_0_0_468a1e853d23b5369c7df1391206bf63.jpg
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуге сапары барысында Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен Украина дағдарысын талқылады, деп хабарлайды РИА Новости.Ресей министрлігінің хабарлауынша, кездесу достық және ашық жағдайда өтіп, дипломатиялық ведомстволардың басшылары "екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың сәйкестігін немесе жақындығын" растады.Қытай сыртқы істер министрі Ван И Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровтың шақыруымен 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Ресейге ресми сапармен барды. Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және халықаралық, соның ішінде Украина мәселелерін талқылайды деп күтілуде.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Кремль Владимир Путин Ван Иді жақын күндері қабылдайды деп күтуде.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/05/50558191_216:0:2947:2048_1920x0_80_0_0_28451136fcec0f138786db83c194fd6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Ресей мен Қытай СІМ басшылары Украина дағдарысын талқылады
Тараптар "екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың сәйкестігін немесе жақындығын" растады
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуге сапары барысында Қытай сыртқы істер министрі Ван Имен Украина дағдарысын талқылады, деп хабарлайды
РИА Новости.
"Сергей Лавров пен Ван Идің келіссөздері барысында жоғары деңгейдегі екіжақты байланыстар кестесі, сондай-ақ практикалық және гуманитарлық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері бойынша терең пікір алмасу болды. Тараптар Украина дағдарысын реттеудің келешегі туралы пікір алмасты. Тұрақты бейбіт келісімдерге қол жеткізу үшін негіз ретінде қақтығыстың түпкі себептерін жою қажеттілігі айтылды", - делінген Ресей сыртқы істер министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде.
Ресей министрлігінің хабарлауынша, кездесу достық және ашық жағдайда өтіп, дипломатиялық ведомстволардың басшылары "екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық күн тәртібінің негізгі мәселелері бойынша ұстанымдардың сәйкестігін немесе жақындығын" растады.
Қытай сыртқы істер министрі Ван И Ресей сыртқы саясат ведомствосының басшысы Сергей Лавровтың шақыруымен 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында Ресейге ресми сапармен барды. Тараптар жоғары деңгейдегі байланыстарды, екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту және халықаралық, соның ішінде Украина мәселелерін талқылайды деп күтілуде.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Кремль Владимир Путин Ван Иді жақын күндері қабылдайды деп күтуде.