https://sputnik.kz/20250405/mopedterge-qatysty-zan-kushine-endi--negizgi-talaptar-52185871.html
Мопедтерге қатысты заң күшіне енді – негізгі талаптар
Мопедтерге қатысты заң күшіне енді – негізгі талаптар
Sputnik Қазақстан
Заң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек 05.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-05T09:00+0500
2025-04-05T09:00+0500
2025-04-05T09:00+0500
мопед
тіркеу
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_5d8e1ca326ff83a5d6dcd3f5b85c151f.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бүгіннен бастап мопедтерге қатысы заң күшіне енді. Бұдан былай олар да көлік құралы болып саналады. Сондықтан техникалық байқаудан өтуге тиіс. Ал мопед иелерінде арнайы куәлік пен сақтандыру полисі болуы керек. Онсыз айыппұл салынады. Мопедті тек айыппұл тұрағынан алып кетуге мүмкіндік болады. Sputnik Қазақстан жаңа заңның негізгі ережелерін ұсынады.Айыппұл көлемі қаншаЖол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі болуы қажет. Ал иесі А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы шарт. Бірақ А немесе В санаты болса, мопедті басқаруға рұқсат беріледі.Мопедті тіркеусіз жүргізгені үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі – 39 320 теңге.Осылайша бүгіннен бастап мемлекеттік нөмірі және тиісті құжаты жоқ мопедтерді жүргізуге тыйым салынған. Бұл шектеу максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтерге де қатысты.Сақтандыру полисі қымбаттайдыЗаң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек. 7 сәуірден бастап ондай полистердің бағасы көтеріледі.Мәселен, Алматыда 16-25 жастағы мопед жүргізушісі жаңадан А1 санатындағы куәлікті алса, бір жылдық сақтандыру полисі 24 324 теңгеге түседі. Ал 7 сәуірден кейін ондай полистің бағасы 43 784 теңгеге дейін көтеріледі.Сақтандыру полисі рәсімделмеген мопедтер бірден айып тұрағына қойылады.Ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркейдіІшкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, VIN-код (сәйкестендіру нөмірі) болмаған не шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қажетті құжаттар тексерістен кейін беріледі. Бұл ретте мопед тексерілген жыл шығарылған жылы болып есептеледі.Ал мемлекеттік нөмір қолданыстағы тәртіпке сәйкес беріледі, яғни жүйе нөмірді автоматты түрде таңдайды.Мопедті айып тұрағынан қалай шығарадыАйып тұрағында тұрған мопедті шығарып алу үшін алдымен иесін растайтын құжаттарды көрсету керек."Ол үшін сату-сатып алу келісімшартын немесе техникалық төлқұжатты ұсыну қажет. Сондай-ақ жеке куәлік пен айыппұлдың төленгені туралы түбіртек көрсетіледі. Соның негізінде мопедті айып тұрағынан шығаруға болады", - дейді полицейлер.Айта кетері, 5 сәуірден кейін де мопедті тіркеуге қоюға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Сол жерде жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды түрде көрсетуге болады. Сосын техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеріп, мемлекеттік бажды төлейді.Олар:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/0f/44286827_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_bf719ce45dcc4da41b1a207c72e044f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мопед, тіркеу
Мопедтерге қатысты заң күшіне енді – негізгі талаптар
Заң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Бүгіннен бастап мопедтерге қатысы заң күшіне енді. Бұдан былай олар да көлік құралы болып саналады. Сондықтан техникалық байқаудан өтуге тиіс. Ал мопед иелерінде арнайы куәлік пен сақтандыру полисі болуы керек. Онсыз айыппұл салынады. Мопедті тек айыппұл тұрағынан алып кетуге мүмкіндік болады. Sputnik Қазақстан жаңа заңның негізгі ережелерін ұсынады.
Жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопедте мемлекеттік тіркеу нөмірі болуы қажет. Ал иесі А1 санатындағы жүргізуші куәлігін алуы шарт. Бірақ А немесе В санаты болса, мопедті басқаруға рұқсат беріледі.
Мопедті тіркеусіз жүргізгені үшін айыппұл қарастырылған. Оның көлемі – 39 320 теңге.
Осылайша бүгіннен бастап мемлекеттік нөмірі және тиісті құжаты жоқ мопедтерді жүргізуге тыйым салынған. Бұл шектеу максималды жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан аспайтын мопедтерге де қатысты.
Сақтандыру полисі қымбаттайды
Заң бойынша мопедке мемлекеттік нөмір мен техникалық төлқұжат қана емес, сақтандыру полисін де рәсімдеу керек. 7 сәуірден бастап ондай полистердің бағасы көтеріледі.
Мәселен, Алматыда 16-25 жастағы мопед жүргізушісі жаңадан А1 санатындағы куәлікті алса, бір жылдық сақтандыру полисі 24 324 теңгеге түседі. Ал 7 сәуірден кейін ондай полистің бағасы 43 784 теңгеге дейін көтеріледі.
Сақтандыру полисі рәсімделмеген мопедтер бірден айып тұрағына қойылады.
Ешқандай құжат болмаса, мопедті қалай тіркейді
Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, VIN-код (сәйкестендіру нөмірі) болмаған не шығарылған жылын белгілеу мүмкін болмаған жағдайда қажетті құжаттар тексерістен кейін беріледі. Бұл ретте мопед тексерілген жыл шығарылған жылы болып есептеледі.
Ал мемлекеттік нөмір қолданыстағы тәртіпке сәйкес беріледі, яғни жүйе нөмірді автоматты түрде таңдайды.
Мопедті айып тұрағынан қалай шығарады
Айып тұрағында тұрған мопедті шығарып алу үшін алдымен иесін растайтын құжаттарды көрсету керек.
"Ол үшін сату-сатып алу келісімшартын немесе техникалық төлқұжатты ұсыну қажет. Сондай-ақ жеке куәлік пен айыппұлдың төленгені туралы түбіртек көрсетіледі. Соның негізінде мопедті айып тұрағынан шығаруға болады", - дейді полицейлер.
Айта кетері, 5 сәуірден кейін де мопедті тіркеуге қоюға болады. Ол үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Сол жерде жеке басын куәландыратын құжаттарды электронды түрде көрсетуге болады. Сосын техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан кейін өтініш толтырып, мопедті тексеріп, мемлекеттік бажды төлейді.
мопедті тіркегені үшін - 983 теңге (1,97 доллар);
тіркеу туралы куәлік беру - 4 906 теңге (9,8 доллар);
мемлекеттік нөмір - 5 504,8 теңге (11,05 доллар).