Былтыр Қазақстанға қанша турист келді

© Sputnik / Александр МирогловБурабай
Бурабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Делегаттар, демалуға, достарына немесе туыстарына келген қонақтардың барлығы дерлік туристер есебіне алынады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қазақстанға былтыр келіп кеткен туристердің санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
2024 жылы елімізге әртүрлі мақсатта 15,3 млн шетелдік қонақ келген.
"Соның ішінде 10,4 млн адам елімізде 1 күннен астам уақыт өткізді. Біз оларды шетелдік туристерге жатқызамыз. Демалуға, делегаттар, достарына немесе туыстарына келген қонақтардың барлығы дерлік туристер есебіне алынады. Себебі олар елімізге келіп, орналастыру орындарын, тамақтану, көлік және басқа да қызметтерді пайдалана отырып экономикаға оң әсер береді", - деді Мырзабосынов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, бұл статистикаға жұмысқа немесе тұрақты тұруға келгендер енбеген.
Ал ішкі туристердің саны 2023 жылмен салыстырғанда 900 мыңға артып, 10,5 млн адамға жеткен. Осылайша, қазақстандықтар елдің ішінде көптеп саяхаттайтын болды.
Осень в Алматы. Медео - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.03.2025
Алматыға былтыр 1,7 миллион турист келді
Жаңалықтар
0