Қосшыда балалар автобусы жол апатына түсті: 5 бала зардап шекті

© PhotoҚосшыда балабақша автобусы жол апатына түсті: 7 бала зардап шекті
Қосшыда балабақша автобусы жол апатына түсті: 7 бала зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
Бір бала жансақтау бөліміне жатқызылды
АЛМАТЫ, 9 сәуір - Sputnik. Ақмола облысы Қосшы қаласында балалар автобусы жол апатына түсті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Полицияның мәліметінше, таңғы сағат жеті шамасында "Ивеко" маршруттық автобусы мен балалар мінген "Тойота" шағын автобусы соқтығысқан. Содан "Тойота" шағын автобусы аялдамаға соғылады.
Шағын автобуста 10 бала болған. Олардың бесеуі Астанадағы №2 қалалық ауруханаға жеткізілді.

"Барлығын кезекші мамандар - реаниматолог, нейрохирург, травматолог, хирург қарады. Сондай-ақ рентгенографияны, КТ және ультрадыбысты қоса алғанда кешенді тексеруден өтті", - дейді Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Төрт бала қажетті көмек алып, амбулаториялық емделуге жіберілген. Бір бала жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Зардап шеккендердің жағдайы дәрігерлердің бақылауында", - дейді басқарма мамандары.
Оқиға бойынша тергеу басталды.
Көлік руліндегі әйел - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Астана маңында 2 жастағы баланы көлік басып кетті
Жаңалықтар
0