https://sputnik.kz/20250410/sherzat-polattyn-tuystary-sotqa-onlayn-qatysuga-otinish-bildirdi-52358128.html
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот: қорғаушылар судьяға өтініш білдірді
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот: қорғаушылар судьяға өтініш білдірді
Sputnik Қазақстан
Сотта судья Ержан Жанұзақов төрағалық етіп жатыр, ол сот жүйесінде 11 жыл судья болып қызмет еткен. 10.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-10T14:58+0500
2025-04-10T14:58+0500
2025-04-10T15:22+0500
сот
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52356045_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_238e6d9477e964a223afbcfb24b2e34a.jpg
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың сотында марқұмның туыстарының қорғаушылары судьяға өтініш айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Судья БАҚ өкілдеріне сот залынан тікелей эфир жүргізуге және сотталушыларды түсіруге тыйым салды. Сотталушылардың фотосын жариялағандарға жауапкершілік көзделеді.Сотта судья Ержан Жанұзақов төрағалық етіп жатыр, ол сот жүйесінде 11 жыл судья болып қызмет еткен.Прокурор қылмыстық істің қалай болғанын жарты сағат егжей-тегжейлі оқып шықты.Сот отырысы барысында Шерзаттың туыстарының қорғаушылары судьяға екі бірдей өтініш айтты. Бірі - іске қатысы бар адамды сотқа онлайн қатыстыру. Судья бұған рұқсат бермеді. Екінші өтініштері - қылмыстық істі Қарасай ауданының сотында өткізу. Судья Қарасай ауданында тергеу изоляторы жоқ, сол себепті бұл өтінішті орындау мүмкін емес деді.Айта кетейік, қазіргі уақытта Шерзат Полаттың өліміне күдіктілер Талдықорғандағы нөмірі 71 тергеу изоляторында отыр.Сотта сотталушылар қандай баппен айыпталып жатқанынан хабардар, білетіндерін айтты.Бір айыпталушы қорғаушысы ретінде анасының қатысуын сұрады, судья бұл өтінішті мақұлдады.Ал 16 жастағы сотталушы Қылмыстық Кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыпталып жатыр.Айта кетейік, сотталушылар алқабиден бас тартты.Еске сала кетейік, бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы болып жатыр. Айыпталушылар орындығында 9 адам отыр, біреуі кәмелетке толмаған жасөспірім.
https://sputnik.kz/20250410/sherzat-polattyn-soty-tikeley-efirde-otedi-52354843.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52356045_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3dfb72503b00a0a780e1d3ff4ed42f8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, қылмыс
Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот: қорғаушылар судьяға өтініш білдірді
14:58 10.04.2025 (жаңартылды: 15:22 10.04.2025) Сотта судья Ержан Жанұзақов төрағалық етіп жатыр, ол сот жүйесінде 11 жыл судья болып қызмет еткен.
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың сотында марқұмның туыстарының қорғаушылары судьяға өтініш айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Судья БАҚ өкілдеріне сот залынан тікелей эфир жүргізуге және сотталушыларды түсіруге тыйым салды. Сотталушылардың фотосын жариялағандарға жауапкершілік көзделеді.
Сотта судья Ержан Жанұзақов төрағалық етіп жатыр, ол сот жүйесінде 11 жыл судья болып қызмет еткен.
Прокурор қылмыстық істің қалай болғанын жарты сағат егжей-тегжейлі оқып шықты.
Сот отырысы барысында Шерзаттың туыстарының қорғаушылары судьяға екі бірдей өтініш айтты. Бірі - іске қатысы бар адамды сотқа онлайн қатыстыру. Судья бұған рұқсат бермеді. Екінші өтініштері - қылмыстық істі Қарасай ауданының сотында өткізу. Судья Қарасай ауданында тергеу изоляторы жоқ, сол себепті бұл өтінішті орындау мүмкін емес деді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Шерзат Полаттың өліміне күдіктілер Талдықорғандағы нөмірі 71 тергеу изоляторында отыр.
Сотта сотталушылар қандай баппен айыпталып жатқанынан хабардар, білетіндерін айтты.
Бір айыпталушы қорғаушысы ретінде анасының қатысуын сұрады, судья бұл өтінішті мақұлдады.
Ал 16 жастағы сотталушы Қылмыстық Кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыпталып жатыр.
Айта кетейік, сотталушылар алқабиден бас тартты.
Еске сала кетейік, бүгін Шерзат Полаттың өліміне қатысты алғашқы сот отырысы болып жатыр. Айыпталушылар орындығында 9 адам отыр, біреуі кәмелетке толмаған жасөспірім.