Шерзаттың өлімі: төрт күдікті бұған дейін сотталған

© Sputnik/Айдана ДайыроваМесто жительства и гибели подростка
Место жительства и гибели подростка  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Жазылу
Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталушылар орындығында отырған кімдер
АЛМАТЫ, 17 сәуір – Sputnik. Талдықорғанда Шерзат Полаттың өліміне қатысты екінші сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сотталушының адвокаты Қалиеваның кешігуіне байланысты сот отырысы жарты сағаттан астам кешігіп басталды. Судья екінші рет мұндай жағдай қайталанса, адвокат жауапкершілікке тартылатынын айтты.
Сот орындығында 9 күдікті отыр.
Абзал Шынасыл 2000 жылы Талғар қаласында туған. Білімі орта, бойдақ, бұрын сотталмаған. Тұрақты жұмыс орны жоқ. Шынасыл судьяға сот отырысына толық дайын емеспін деді. Себебін адвокат айтты.
"Мен бұл іске сот кезінде ғана араластым. Іс өте үлкен, бір шеті менің қорғауымдағы азамат кінәлі емеспін деп отыр. Сол себепті сот отырысына дайын емеспіз", - деді сотталушы Шынасылдың адвокаты.
Равиль Сәкиев 1994 жылы Талғарда туған, білімі орта, "Расул" мейрамхана әкімшілігінде жұмыс істеген. Бойдақ, ата-анасымен бірге тұрады. 2021 жылы Қылмыстық кодекстің 381-бабы бойынша сотталып, 2,5 жылға бас бостандығынан шектелген. Ол да сот отырысына дайын емеспін деді.
Шыңғыс Белғожаев 2000 жылы Талғар қаласында туған, білімі жоғары. Спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істеген. 2015 жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабымен бас бостандығынан шектелген.
Дархан Әскентай 1993 жылы туған. Талғар қаласында тұрған. Білімі орта, уақытша жұмыссыз. Әке-шешесі жоқ, бойдақ.
Нұрқияс Ілиясов 1998 жылы Талғарда туған. Бойдақ, жұмыссыз. 2023 жылы Қылмыстық Кодекстің 107-бабымен 2,5 жылға бас бостандығынан шектелген. Жазасын өтеу мерзімі бітпеген.
Азамат Тоқтаубаев 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген, білімі орта, үйленген. Жеке кәсіппен айналысқан. 2024 жылы 7 жылға бас бостандығы шектелген.
Нұрбол Тоқтаубаев 1996 жылы сәуірде Шығыс Қазақстан облысында туған, білімі орта, үйленген, екі баласы бар.
Дидар Қалиахмет 1998 жылы Талғарда туған. Білімі орта, үйленген екі баласы бар, көлік жүргізушісі болып жұмыс істеген.
Думан Ысқақов 2007 жылы Талғарда туған, қазіргі күні мектепте оқып жатыр.

Еске салайық, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан жасөспірім қайтыс болды. Ал 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Арада екі ай өткен соң, 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған. Адвокаттары оған қысым болмағанын мәлімдеді.
Жерлеу рәсімінде Шерзат Полаттың әкесі жанжал шығарып, кейін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы – онлайн-трансляция - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
Видео
Шерзат Полаттың ісі бойынша сот отырысы – видео
Жаңалықтар
0