Шерзат Полаттың ісі бойынша басты сот талқылауы – онлайн-трансляция

Жазылу
Былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан бозбала пышақ жарақатынан көз жұмды
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Жоғарғы сот Шерзат Полаттың ісіне қатысты сот отырысын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың сотында прокурор айыптау актісін толық оқыды.
Айыптау актісінде оқиғаның қалай басталғаны, қалай өрбіп, қалай ушыққаны бүге-шігесіне дейін айтылды.
Еске салайық, былтыр 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың отбасы белгісіз адамдармен жанжалдасып, салдарынан бозбала көз жұмды. Ал 12 қазанда бұл отбасы тұрған үй өртке оранды. Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Арада екі ай өткен соң, 10 желтоқсанда Шерзаттың туыс ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды. Ресми мәлімет бойынша ол өзіне қол салған. Адвокаттары оған қысым болмағанын мәлімдеді.
Жерлеу рәсімінде Шерзат Полаттың әкесі жанжал шығарып, кейін ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Шерзаттың туыстарына айыппұл салынды.
Шерзат Полат - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2025
"Аға, бір нәрсе сұғып алды": прокурор Шерзаттың өліміне не себеп болғанын айтты
Жаңалықтар
0