Әлемдік компания Алматыдағы тау шаңғысы туризмін дамытуға атсалысады

© Photo : АкордаАлматы таулары
Алматы таулары - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Жазылу
Тараптар Алматы тау кластерін бірлесіп дамыту келешегін қарастырды
АСТАНА, 19 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов PGI Management компаниясының президенті Джоан Виладоматпен тау шаңғысы туризмін дамытудағы ынтымақтастық туралы кездесу өткізді, деп хабарлайды үкімет.
Жиында Алматы кластері туралы айтылды.
Джоан Виладомат туризмге назар аударуды ескере отырып, бірқатар елдің экономика құрылымдарын трансформациялау бойынша жобаларды іске асыру нәтижелерімен бөлісті.
Бүгінгі таңда компанияда 120-дан астам жоба бар, оған Давос және Сент-Мориц (Швейцария), Куршевель (Франция), Ишгл және Тироль (Аустрия), Вейл және Аспен (АҚШ), Уистлер-Блэккомб (Канада) сияқты қысқы туристік брендтер, сондай-ақ өткен жылы келушілер саны 9,6 млн адамды құраған, 80 мың халқы бар Андорра курорттары кіреді. 60 жылдан астам уақыт бойы компания тау шаңғысы кешендерін дамытуда әлемдік көшбасшыға айналды.
Тараптар Алматы тау кластерін бірлесіп дамыту келешегін қарастырды. Бүгінгі таңда туристік ағын жылына 2 млн адамды құрайды, жалпы маусымдық 2 мың жұмыс орны ашылды. Жалпы ұзындығы 41 шақырым трассадан және 16 көтергіштен тұратын қолданыстағы инфрақұрылым күніне 6 мың адамды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
"Талдау нәтижесіне сәйкес, трассалар ұзындығын 227 шақырымға, көтергіштер санын 58-ге дейін арттыру арқылы кластер инфрақұрылымын дамыту ағымдағы өткізу қабілетін 5,6 есеге, күніне 34 мың адамға дейін жеткізуге, 10 мың тікелей жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осылайша, 2029 жылға қарай Алматы тау кластері жылына 7,5 млн-ға дейін турист қабылдай алады", - дейді ведомстводағылар.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық стандарттарға бейімделген инфрақұрылымды жаңғыртуда бірлесіп жұмыс жасамақ.
Жаңалықтар
0