https://sputnik.kz/20250420/kokshetauda-anasynan-koz-zhazyp-qalgan-balany-saudagerlerdin-biri-tanydy-52671910.html
Көкшетауда анасынан көз жазып қалған баланы саудагерлердің бірі таныды
Көкшетауда анасынан көз жазып қалған баланы саудагерлердің бірі таныды
Sputnik Қазақстан
Ал бұл уақытта анасы баласын шыр-пыр болып іздеп жүрген 20.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-20T10:55+0500
2025-04-20T10:55+0500
2025-04-20T10:55+0500
көкшетау
жоғалып кеткен бала
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_b77b57b1533bdbf5914baf1729ccb10c.jpg
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz-ке сілтеме жасап.Полиция қызметкерлері Арман Құттыбай мен Жәнібек Шакиров орталық базар маңында бала жоғалғаны туралы хабарлама алған. Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен тәртіп сақшылары көше бойында жылап тұрған баланы және оның жалғыз жүргенін айтқан әйелді кездестірді.Біраз уақыттан соң сабасына түскен бала анасымен жиі баратын дүкендерді еске түсіріп, полицейлерге айтып берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, тәртіп сақшылары сауда үйлерін аралап, анасын табуға шешім қабылдаған. "Бурабай" сауда үйінде баланы сатушылардың бірі танып, анасы оның тұрақты сатып алушысы екенін айтып, дереу байланысқа шықты.Полицейлер анасының келуін күтіп, баланы өз қолына табыстады. Ал бұл уақытта анасы да баласын шыр-пыр болып іздеп жүр екен. Әйел сақшыларға бейжай қарамай, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
https://sputnik.kz/20240701/astanada-zhogalgan-bala-tabyldy-45335123.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_c8242c6b8f24fd8b42ce81cac8c4c5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, жоғалып кеткен бала
көкшетау, жоғалып кеткен бала
Көкшетауда анасынан көз жазып қалған баланы саудагерлердің бірі таныды
Ал бұл уақытта анасы баласын шыр-пыр болып іздеп жүрген
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Polisia.kz-ке
сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Арман Құттыбай мен Жәнібек Шакиров орталық базар маңында бала жоғалғаны туралы хабарлама алған. Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен тәртіп сақшылары көше бойында жылап тұрған баланы және оның жалғыз жүргенін айтқан әйелді кездестірді.
"Бірден көмекке ұмтылған полицейлер баланы сабырға шақырып, қызметтік көлікке отырғызды. Көңілін аулап, сенімін арттыру мақсатында оған патрульдік көліктің ішін көрсетіп, жабдықтармен таныстырды. Кейін олар базар аумағын бірге аралап шыққан", - деп жазылған хабарламада.
Біраз уақыттан соң сабасына түскен бала анасымен жиі баратын дүкендерді еске түсіріп, полицейлерге айтып берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, тәртіп сақшылары сауда үйлерін аралап, анасын табуға шешім қабылдаған. "Бурабай" сауда үйінде баланы сатушылардың бірі танып, анасы оның тұрақты сатып алушысы екенін айтып, дереу байланысқа шықты.
Полицейлер анасының келуін күтіп, баланы өз қолына табыстады. Ал бұл уақытта анасы да баласын шыр-пыр болып іздеп жүр екен. Әйел сақшыларға бейжай қарамай, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.