Полициядан қашқан павлодарлық 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

© Photo : Pixabay / Pexels Мужчина за рулем
Мужчина за рулем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
Жүргізушінің мінез-құлқы күдік туғызғандықтан, оны одан әрі медициналық куәландыру үшін жеткізу туралы шешім қабылданды
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Павлодарда жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Мәшһүр Жүсіп көшесінде кетіп бара жатқан Mercedes Benz автокөлігі полиция қызметкерлеріне күдікті болып көрінген.
"Көлік тоқтаған кезде жүргізуші көліктен түсіп, қашып кетуге тырысты, жолаушы полиция қызметкерлеріне кедергі келтіріп, оған "қашуға" көмек көрсете бастады. Жүргізушінің мінез-құлқы тәртіп сақшыларына күдік туғызғандықтан, оны одан әрі медициналық куәландыру үшін жеткізу туралы шешім қабылданды, бірақ жүргізуші бұл процедурадан бас тартты және полиция қызметкерінің заңды талабын орындамады", - деп жазылған хабарламада.
Ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талабын орындамағаны үшін әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді. Сот шешімі бойынша жүргізуші 8 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан басқа, полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, олардың заңды қызметіне кедергі келтіргені үшін жолаушыға қатысты әкімшілік материал жасалып, сотқа жіберілді.
Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауға және заң бұзушылықтарды болдырмауға шақырды.
Энергетикалық сусын - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2025
Көлікті мас күйде жүргізгені үшін жаза өзгертіле ме – министрлік өз ұстанымын жариялады
Жаңалықтар
0