https://sputnik.kz/20250420/qytay-aqsh-tan-suyytylgan-tabigi-gaz-satyp-aludy-toqtatty----52674234.html
Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты
Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 20 сәуір - Sputnik. Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости. 20.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-20T15:58+0500
2025-04-20T15:58+0500
2025-04-20T15:58+0500
ақш
қытай
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_2918cf19dd29d693d327adf4402a192f.jpg
АЛМАТЫ, 20 сәуір - Sputnik. Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды РИА Новости. Ал Австралия, Индонезия және Брунейден әкелуді ұлғайтты. Америка Құрама Штаттары 2024 жылы Қытай нарығына СТГ-ның бес негізгі жеткізушісінің қатарына кіріп, ҚХР-ға осы отынның 4,15 миллион тоннасын 2,4 миллиард долларға экспорттады. Биыл қаңтарда аспан асты елі АҚШ компанияларынан 125,4 миллион долларға 194,2 мың тонна газ сатып алды, бірақ ақпан айында 31,4 миллион долларға 65,8 мың тоннадан бірнеше есе аз алды. Ал наурыз айында АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ алатындар қатарында Қытай болмады. Бұл 2022 жылдың маусымынан бері бірінші рет орын алған жағдай. Қытай СТГ-ның көлемін көршілерден сатып алмақ. Ірі жеткізушілер арасында экспорты ұлғайған елдер қатарында Индонезия мен Австралия бар. Сонымен қатар наурыз айында Қытай Брунейден импортты қайта бастады. АҚШ президенті Дональд Трамп 2 сәуірде басқа елдерден импортқа "өзара" баж салығын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл екі ел арасындағы сауда соғысының күрт өршуіне әкелді. Қазір АҚШ-тағы қытайлық экспорттаушылар үшін баж 145%-ке жетті, ал ҚХР-дағы американдық жеткізушілер үшін баж 125%-ке жетті.
ақш
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/473/61/4736128_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_fbee5ee2fb5f363719cd6cf85be4f5c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, қытай
Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты
АЛМАТЫ, 20 сәуір - Sputnik. Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты, деп
хабарлайды РИА Новости.
Ал Австралия, Индонезия және Брунейден әкелуді ұлғайтты. Америка Құрама Штаттары 2024 жылы Қытай нарығына СТГ-ның бес негізгі жеткізушісінің қатарына кіріп, ҚХР-ға осы отынның 4,15 миллион тоннасын 2,4 миллиард долларға экспорттады.
Биыл қаңтарда аспан асты елі АҚШ компанияларынан 125,4 миллион долларға 194,2 мың тонна газ сатып алды, бірақ ақпан айында 31,4 миллион долларға 65,8 мың тоннадан бірнеше есе аз алды. Ал наурыз айында АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ алатындар қатарында Қытай болмады. Бұл 2022 жылдың маусымынан бері бірінші рет орын алған жағдай.
Қытай СТГ-ның көлемін көршілерден сатып алмақ. Ірі жеткізушілер арасында экспорты ұлғайған елдер қатарында Индонезия мен Австралия бар. Сонымен қатар наурыз айында Қытай Брунейден импортты қайта бастады.
АҚШ президенті Дональд Трамп 2 сәуірде басқа елдерден импортқа "өзара" баж салығын енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл екі ел арасындағы сауда соғысының күрт өршуіне әкелді. Қазір АҚШ-тағы қытайлық экспорттаушылар үшін баж 145%-ке жетті, ал ҚХР-дағы американдық жеткізушілер үшін баж 125%-ке жетті.