Шымкентте аспалы арқанжол салынады

© PhotoШымкентте аспалы арқанжол салынады
Шымкентте аспалы арқанжол салынады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
Аспалы арқанжол іске қосылса, көлік қозғалысы көп аумақтарда жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Шымкент қаласында аспалы арқанжол салу тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұл жоба қалада заманауи әрі тұрақты көлік жүйесін қалыптастыру жолындағы маңызды қадам. Игі бастама Мемлекет басшысының жақында Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапарында жүктеген міндеттерін орындау мақсатында қолға алынды.

"Шымкент қаласының әкімі "Universal Ropeways" басшылығымен кездесіп, арқанжол желісінің алдын ала бағыттары, ықтимал технологиялық шешімдері, жобалау мен құрылыс кезеңдерін талқылады. Әуе көлігі арқылы Республика, Тәуке хан, Қонаев, Бәйдібек би, Абылай хан даңғылдарын, Цитадель аумағы мен "Тұран", "Шымкент сити" шағынаудандарын кезең-кезеңімен жалғау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Аспалы арқанжол іске қосылса, халықтың жүріп-тұруы жеңілдеп, көлік қозғалысы көп аумақтарда жол-көлік жүйесіне түсетін жүктеме азаяды. Сонымен қатар бұл нысан туристер үшін тартымды орынға айналады.

Сондай-ақ аспалы арқанжолдың құрылысы басталса, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.
Астанадағы Есіл өзені арқылы өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2024
Астанадағы Есіл өзені арқылы өтетін LRT аспалы көпірінің құрылысы аяқталды
Жаңалықтар
0