Тоқаев: Пасха мейрамы діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді

© Sputnik / Владислав ВодневВерующие идут из храма с пасхальными куличами
Верующие идут из храма с пасхальными куличами - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев христан дініндегі қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл жарқын мейрам жұртты рухани тазарып, жаңаруға үндейді. Діндар адамдарға үміт сыйлап, оларды қуанышқа бөлейді. Биыл Пасханы дүние жүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор", - деп атап өтті Тоқаев.
Ол басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
"Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады. Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашанда Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Путин Пасха бітімін жариялады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Пасхаға орай бітім жариялады
Жаңалықтар
0