Күдікті сот залынан қашып кетті - полицейлер тергеуге алынды

© AP Photo / Eric RisbergСот залынан қашып кеткен күдікті: полицейлер тергеуге алынды
Сот залынан қашып кеткен күдікті: полицейлер тергеуге алынды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Күдікті әлі ұсталған жоқ
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. Алматы облысында күдіктінің сот залынаны қашып кету фактісі бойынша тәртіп сақшылары да тергеуге алынды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1 сәуірде Алматы облысындағы Қарасай аудандық сотында 30 жастағы күдікті сот ғимаратынан қашып кеткен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеханың айтуынша, тәртіп сақшылары да тергеуге алынды.

“Біздің қызметкерлерге қатысты салғырттық бойынша қылмыстық іс қозғалды”, - деді Лепеха журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қашқын әлі ұсталған жоқ.
Айта кетері, сот залынан қашып кеткен күдікті адам зорлау әрекеті үшін айыпталып отыр.
Архивное фото заключенного - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Алматы облысында күдікті сот ғимаратынан қашып кетті
Жаңалықтар
0