Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды

© Photo : Абай облыстық полиция департаментіАбай облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды
Абай облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Абай облысында жүргізуші рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға 2025 жылғы 10 сәуірде шамамен сағат 05:20-да Семей – Бородулиха автожолының 16-шақырымында болған.
"Volkswagen Passat автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Бородулиха ауылына бағыт алып келе жатып, рөлге ие бола алмай, жол жиегінен шығып кетіп, ағаш екпелеріне соғылды", - деп жазылған хабарламада.
Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Қосшыда балабақша автобусы жол апатына түсті: 7 бала зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Қосшыда балалар автобусы жол апатына түсті: 5 бала зардап шекті
Жаңалықтар
0