https://sputnik.kz/20250418/armeniyada-qazaqstannyn-madeni-kunderi-bastaldy-52625956.html
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Sputnik Қазақстан
Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды 18.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-18T20:48+0500
2025-04-18T20:48+0500
2025-04-18T20:48+0500
армения
кинотуынды
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52625793_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_0c0e46ca56a85cb6f8e3a4cf0f834efa.jpg
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды.Бүгін "Москва" кинотеатрында көрермендерге режиссер Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты тарихи кинотуындысы мен Фархат Шәріповтің "Стоп, ночь" фильмі ұсынылды.Салтанатты жиында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық киноөндірістің даму маңыздылығына тоқталды. Ол Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы дамуының жаңа кезеңі басталғанын айтты.Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты заңға сәйкес, елдегі кинофильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы тікелей аталған киностудияға бағытталады. Бұл шешім студия жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, Құрманбек Жұмағали киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері жайлы айтып, қазіргі қазақ фильмдері армян көрерменінің көңілінен шығатынына сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20250327/armeniya-qorgasta-dukender-zhelisin-ashuy-mumkin-51957421.html
армения
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/12/52625793_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_7a4f401dc4e2b3c08af6c55f87b94e7b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
армения, кинотуынды, қазақстан
армения, кинотуынды, қазақстан
Арменияда Қазақстанның мәдени күндері басталды
Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды
АСТАНА, 18 сәуір – Sputnik. Бүгін Ереванда Армениядағы Қазақстанның мәдени күндері басталды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Армения астанасындағы мәдени күндер бағдарламасы қазақстандық фильмдер көрсетілімінен басталды.
Бүгін "Москва" кинотеатрында көрермендерге режиссер Рүстем Әбдірашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" атты тарихи кинотуындысы мен Фархат Шәріповтің "Стоп, ночь" фильмі ұсынылды.
Салтанатты жиында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали құттықтау сөз сөйлеп, қазақстандық киноөндірістің даму маңыздылығына тоқталды. Ол Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы дамуының жаңа кезеңі басталғанын айтты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты заңға сәйкес, елдегі кинофильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30 пайызы тікелей аталған киностудияға бағытталады. Бұл шешім студия жұмысының қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Құрманбек Жұмағали киножобаларды іріктеудің жаңа ережелері жайлы айтып, қазіргі қазақ фильмдері армян көрерменінің көңілінен шығатынына сенім білдірді.