Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Алматыда әскери қызметшілер соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады

© Пресс-служба Минобороны КазахстанаАлматыда әскери қызметшілер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады
Алматыда әскери қызметшілер майдангерді ғасырлық мерейтойымен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
Ардагер жолдасымен бірге Қазақстанға 1946 жылы көшіп келген
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. Ұлы Отан соғысының ардагері Любовь Горковскаяны 100 жасқа толған мерейтойымен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері мен ардагерлері құттықтап барды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
Любовь Николаевна 1925 жылдың 20 сәуірінде Украинаның Луганск облысында дүниеге келген. 1943 жылы ол майданға өз еркімен аттанып, әскери байланысшылар курсын тәмамдағаннан. Кейін, бірінші Украина майданының жаяу әскер атқыштар дивизиясының құрамына қосылды.
"Харьков түбіндегі ұрыстар кезінде оның дивизиясы қоршауға түседі. Алайда 1944 жылдың сәуірінде әскери бөлім жау шеңберінен шығып, азат етілген Севастопольге жетеді. Кейін Любовь Горковская Белоруссия мен Балтық елдері үшін болған шайқастарға қатысады, жеңіс туралы хабарды да сол жақта естиді", - делінген хабарламада.
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін Любовь Николаевна I және II дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Соғыстан кейін ол туған ауылына оралып, халық ағарту бөлімінде жұмыс істейді. 1946 жылы жолдасымен бірге Қазақстанға көшіп келіп, еңбек жолын жалғастырған.
"Любовь Николаевнаның қазір денсаулығы сыр беріп жүр. Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері ардагерге жиі барып, қолдан келгенше қолдау көрсетіп келеді", - дейді министрлік.
Алматы қалалық "Қарулы күштердің ардагерлері" қоғамдық бірлестігінің өкілі, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин ардагерге сыйлықтар табыстап, қорғаныс министрінің атынан құттықтау хатын оқып берді.
Әскери қызметшілер Любовь Николаевнаның Жеңіске қосқан зор үлесі үшін алғыс айтты.
Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Шинкевич 100 жылдық мерейтойын  атап өтті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2025
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы
Қарағандылық соғыс ардагері 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
0