Павлодарда жол апатынан 4 адам көз жұмды

© Photo : Stefan SchweihoferПредупреждающий знак на дороге. Архивное фото
Предупреждающий знак на дороге. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша автокөліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен
АЛМАТЫ, 20 сәуір - Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Бірлік ауылының маңында қайғылы жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
19 сәуірде "Қалқаман-Керней" автожолының 250-ші шақырымында Pontiac және Lada Granta автокөліктері соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша автокөліктердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен.
"Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы, оның ішінде жас бала сол жерде көз жұмды. Әртүрлі жарақат алған тағы бір кәмелетке толмаған бала ауруханаға жеткізілді", - дейді ведомство.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Абай облысында жүргізуші жол апатынан көз жұмды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Абай облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жаңалықтар
0