Қазақстан бітімгерлерінің қалған бөлігі Голан жоталарынан оралды

© Photo : Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіҚазақстан бітімгерлерінің қалған бөлігі Голан жоталарынан оралды
Қазақстан бітімгерлерінің қалған бөлігі Голан жоталарынан оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2025
Жазылу
Жауапкершілік аймағында жеке құрам 600-ден аса тапсырманы орындады
АСТАНА, 20 сәуір - Sputnik. БҰҰ-ның Голан жоталарындағы миссиясында алғашқы бітімгерлік контингент құрамында қызмет еткен әскери қызметшілердің қалған бөлігі елге оралды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.
"Бітімгерлерді астаналық әскери авиация базасында қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған әскери құрам қошеметпен күтіп алды. Қолбасшылық өкілі оларға адал қызметі және бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді", - делінген хабарламада.
Дәл осы рейспен елордаға екінші ұлттық контингенттің командалық құрамына лауазым мен істерді беру үшін Фауардың бітімгерлік базасында қалған 38 әскери қызметші келді.
Естеріңізге сала кетсек, бір жыл ішінде халықаралық стандарттар мен талаптар бойынша жарақтандырылған дербес қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін қолдаумен айналысқан.
Жауапкершілік аймағында жеке құрам 600-ден аса тапсырманы орындады. Қазақстандық бітімгерлердің қызметі БҰҰ миссиясы мен хатшылығы басшылығы тарапынан жоғары бағаланды.
Второй состав миротворцев Казахстана отправился на Голанские высоты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Қазақстан бітімгерлерінің екінші құрамы Голан жоталарына аттанды
Жаңалықтар
0